Ой қорыту

Қазақ комментаторларының жағдайы қандай?

Қазақ комментаторларының жағдайы қандай?
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем Біріншілігі сенсацияға толы болды. Ең үздік деген командалар жеңіліс тапты.

Спорт журналистерінің ішінде «комментатор» түсінігі бар. Бұл екі жақ команданың алаңға шыққанынан бастап 90 минут бойына созылатын тартысты доданы сөзбен суреттеу деген сөз. Оған қосымша уақытты және айып доптарын есептемеген кезде. Тоқтаусыз сөйлеп, әр ойыншының атын атап, олар туралы, команда туралы ақпарат беру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол үшін білікті спорт журналистері, арнайы комментаторлар шақырылады.

Әлем Біріншілігін бүгінгі күнге дейін жүргізіп келе жатқан қазақ комментаторларының бір ойынға алатын ақысы – 8 мың теңге. Сегіз-ақ мың теңге. Әрине бір сағат бойы сөйлегені үшін ақша ала ма деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ бұл қарапайым сөйлеу емес, экранның бер жағындағы халықтың көңілін көтере отырып, оған толық ақпарат беруімен өлшенеді. Тегінде комментатор болу дегеніңіз, қазақтың айтыс өнері секілді. Сұлу сөзді құбылтып, суырып салумен ерекшеленеді. Ендеше 8 мың теңге дегеніміз қай жыртықты жамауға жетеді?

Шетелде ең арзан деген бір ойынға комментатор болатындар кем дегенде 500 мың теңгеден жоғары алады. Ал ең үздік дегендер, мәселен Мехмет Шолль секілді комментаторлар бір ойынға 20 миллион теңгеге дейін алады. Миллионды есептемеген кезде 8 мың теңгемен салыстырсаңыз арасы тіпті жер мен көктей.

Түпнұсқасы: holanews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер