Beautiful Football
Әлем футболы

Бразилия - Мексика: болжам

Бразилия - Мексика: болжам
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңі басталып кетті.

1/8 финалда Аргентина, Португалия, Испания сияқты құрамалар күтпеген жерден сүрініп қалды. Бүгін Бразилия құрамасы мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеу қажет. 2002 жылдан бері мундиальда чемпион атана алмай келген Бразилия үшін биылғы әлем чемпионаты сый жасады. Фавориттердің көбі ширек финалға жетпей шалынды. Фавориттердің ішінде әзірге тек Франция құрамасы 1/4 финалға жолдама алды.

Бразилия Мексика құрамасымен кездеседі. Мексикалықтар топтық кезеңде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Алайда бүгін Бразилия құрамасы өз деңгейінде ойнаса, қарсыласын оңай жеңеді.

Болжам - Бразилия құрамасы 1.5 доп айырмашылығымен ұтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер