«Қайратқа» тағы бір шабуылшы қосылады

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаева командаға венгриялық футболшы Мартон Эппелдің ауысқанын хабарлады.

«Мартон Эппель – «Қайрат» ойыншысы. Шабуылшымен келісімшарт 1,5 жылға жасалды. Кейін оны тағы бір жылға ұзартуға болады. «Қайратқа» қош келдің!», - деп жазды алматылық клубтың басшысы.

Бұған дейін венгриялық «Гонведа» Мартон Эппелдің «Қайратқа» ауысқанын хабарлаған болатын.

2017/18 жылғы маусымда Эппел барлық турнирде 40 матч өткізіп, 17 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер