Ричард Алмейда «Астанада» жылына 1 млн доллар жалақы алады

Ричард Алмейда «Астанада» жылына 1 млн доллар жалақы алады
news-banner7
mobile-news-top

Әзірбайжан құрамасының ойыншысы Ричард Алмейда Қазақстан чемпионы «Астанамен» екіжылдық келісімшартқа отырды. Бұл туралы Azerifootball.com порталы хабарлады.

Порталдың ақпаратына сүйенсек, Алмейда «Астанада» жылына 1 миллион доллар жалақы алады. Екі тарап электрондық пошта арқылы келісімге келген, жақын арада Ричард Қазақстанға ұшып келеді.

Әзірбайжан азаматтығын алған бразилиялық футболшыға «Карабах» та, шамамен, осындай келісімшарт ұсынған. Алайда Алмейда қазақстандық клубты таңдады.

Айта кетейік, өткен маусымда Әзірбайжан чемпионатында 29 жастағы Ричард «Карабах» сапында 21 матчқа қатысып, 6 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанған. Әзірбайжан құрамасында 8 матчта алаңға шығып, бір рет қанжығасын майлады.

Бразилиялық футбол мектебінің түлегі алаң ортасы мен сол қапталда ойнай алады. Transfermarkt Ричард Алмейданы 1,5 миллион еуроға бағалаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер