Теннис

Астанада БАҚ өкілдері арасында теннистен халықаралық турнир өтті

Астанада БАҚ өкілдері арасында теннистен халықаралық турнир өтті
news-banner7
mobile-news-top

Астанада БАҚ өкілдері арасында теннистен BAQ Open халықаралық турнирі аяқталды.

Жүлдеқоры 500 мың теңгені құраған турнирге 29 адам қатысқан – 19 ер, 10 әйел.

Ерлер арасындағы сайыста «QazSport» телеарнасының спорт комментаторы Александр Олейник бірінші орын алды. Prosports.kz тілшісі Қайсар Оқасов турнирді екінші орында аяқтаса, үздік үштікті ақтаулық журналист Асқар Ағатаев түйіндеді.

Әйелдер арасында турнирді Informburo.kz редакторы Жаннат Нұғманова жеңіп алды. Кейінгі орындарды Мария Гаррева (Informburo.kz) мен Татьяна Ковалева (Zakon.kz) еншіледі.

БАҚ арасындағы халықаралық турнирді Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастырған. Ал бас әріптесі «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры болды.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Мұндай турнирлер халық арасында бұқаралық спорттың дамуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Осындай турнирді ұйымдастырған Қазақстан теннис федерациясына алғыс айтқым келеді. Алдағы уақытта басқа да спорт федерациялары осы секілді сайыстар өткізіп тұрса тамаша болар еді», - дейді Prosports.kz тілшісі Қайсар Оқасов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер