Вадим Абрамов: «Клуб басшылығының ойы менікімен сабақтас боп шықты»
«Астана» ФК жаңа бас бапкері Вадим Абрамов журналистер сұрағына жауап беріп жоспарымен бөлісті:
- «Астана» - Еуропа лигасына жолдама алды, сондықтан мұнда биік мақсаттар қойылған. Кез келген бапкер менің орнымда болуды қалайтын еді деп ойлаймын.
- Ұсынысты қабылдамай тұрып көп ойландыңыз ба?
- Аса ұзақ ойланбадым, клуб басшылығының ойы менікімен сабақтас боп шықты.
- «Астананың» ойын өрнегі туралы не айтасыз?
- «Астана» «Актөбеге» қарсы ойнағанда көргем матчты. Сондықтан мәнерімен таныспын. Жақын арада командамен жиналып танысу өткіземіз. Сонда бәрімен етене жақындасып, мүмкіндіктерін байқаймын.
- Ойыншылардың 4-4-2 болып орналасуын қалайтыныңызды интернеттен білдім, осы әдісті «Астана» сапында да қолданасыз ба?
- Интернеттегінің бәрі шындыққа жанаспайды, алайда екі шабуылшы шығаратыным рас. Қандай схема қолданатыным ойыншылардың шеберлігіне байланысты.
- Өзбекстан құрамасының ойыншыларын командаға шақырасыз ба?
- Мүмкін, бірақ олардың саны көп болмайды.