Ұлттық спорт

«Қазақстан барысы-2018» турнирінің жеңімпазы анықталды

«Қазақстан барысы-2018» турнирінің жеңімпазы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Турнирде биыл 37 балуан бақ сынады. 34 толағай еліміздің 14 облысы мен үш қаласынан іріктеліп алынды. Бұдан бөлек тағы екі Әскер барысы бар. Ал өткен жылғы жарыс жеңіпазы бәсекеге іріктеусіз қосылды.

Ақтық сында Ержан Шынкеев (Қарағанды) пен Ерасыл Қажыбаев (Әскер барысы) белдесті. Финалға тек мықтылар шыққаны шындық болатын. Алайда, ширек финалда азырақ жарақат алған Ерасыл тәжірибелі Ержанға есе жіберіп алды. Шынкеевтің еншісінде бір жамбас ұпай. Ал қарсыласында екі бүк ұпай.

Осылайша, қарағандылық балуан 25 миллион теңге сыйақыға ие болды. Сонымен қоса, алтын белбеу мен алтыннан құйылған тайтұяқ та Ержанның еншісіне бұйырды. Ал оның бапкеріне 3,5 миллион берілді. Финалда жеңілген Ерасыл 5,5 млн теңге мен күміс белдікке ие болды.

Ал үшінші орын үшін Айбек Нұғымаров (ШҚО) пен Ерсұлтан Мұзаппаров (Түркістан) күш сынасты. Оңтүстіктен келген балуан турнирге тұңғыш рет қатысып жатқанына қарамастан барын салды. Алайда, өте тәжірибелі Айбек қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Жартылай жеңіс және бір бүк ұпаймен жеңіске жетті.

Сөйтіп, шығыс қазақстандық балуан үшінші орыннан көрінгені үшін 1,8 млн сыйақы алды. Оған қоса қола белдікке де қол жеткізді.

Назарларыңызға балуандардың 1/8 финалдан бастап жүріп өткен жолын ұсынамыз.

1/8 финалдың кестесі:

Айбат Сейтен - Айбек Нұғымаров
Мереке Тұрашев - Дәурен Нұралинов
Александр Касачев - Мақсат Исағабылов
Ержан Шынкеев - Ерсін Мұхаметжанов
Ерасыл Қажыбаев - Айдос Теңгебаев
Мұхит Тұрсынов - Еламан Ерғалиев
Арман Махамбетов - Ерсұлтан Мұзаппаров
Бибарыс Әбдіғани - Нұрым Сәлімгереев

1/4 финалдық жұптар:

Айбек Нұғымаров - Дәурен Нұралинов
Мақсат Исағабылов - Ержан Шынкеев
Ерасыл Қажыбаев - Еламан Ерғалиев
Ерсұлтан Мұзаппаров - Нұрым Сәлімгереев

Жартылай финал:

Айбек Нұғымаров (ШҚО) - Ержан Шынкеев (Қарағанды)
Ерасыл Қажыбаев (Әскер барысы) - Ерсұлтан Мұзаппаров (Түркістан)

3-ші орын үшін күрес:

Айбек Нұғымаров (ШҚО) - Ерсұлтан Мұзаппаров (Түркістан)

Ақтық сын:

Ержан Шынкеев (Қарағанды) - Ерасыл Қажыбаев (Әскер барысы)




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер