Алмат Бекбаев мансабын «Жетісуда» жалғастырады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін ғана павлодарлық «Ертіс» командасымен келісімшартын аяқтаған қақпашы Алмат Бекбаев өз мансабын «Жетісуда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Дерек көздердің мәліметінше, 33 жастағы футболшы қысқы трансферлік ауысым кезінде-ақ талдықорғандық клубтың жейдесін кимекші болған. Алайда, кейін бұл ауысым іске аспай қалған көрінеді.
Алмат бұған дейін «Ордабасы», «Ақтөбе», «Қайсар», «Тобыл», «Ақжыйық» және «Ертіс» командаларында өнер көрсетті.