Баскетбол

«Астананың» алты ойыншысы ұлттық құрамаға ілікті

news-banner7
mobile-news-top

Катар астанасы Дохада баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2019 жылғы Әлем чемпионатының бірінші іріктеу турнирі аясында Иракпен кездеседі. Бұл ойынға «Астананың» алты ойыншысы жолдама алған.

Бірінші іріктеу турнирі аясында екі-ақ ойынымыз қалды. D тобына орналасқан жерлестеріміз әзірге 7 ұпаймен Иран құрамасымен бірінші және екінші орындарды бөлісіп тұр. Бізден кейін 5 ұпаймен Ирак және Катар құрамалары жайғасқан. Келесі іріктеу кезеңіне әр топтан үш командадан жолдама алады

Ал бүгін Қазақстан ұлттық құрамасын Ирак ойыншылары күтіп тұр. Бұл команданы Астанада өткен кездесуде 82:76 есебімен жеңгенбіз. Ұлттық құрамамыздың таяуда ғана тағайындалған бас бапкері Ренатас Курилионокас Дохаға 12 ойыншы ертіп әкетіпті. Оның алтауы «Астана» командасының ойыншылары. Атап айтсақ, құрама сапында елордалықтардан капитан Рустам Ерғали, үйлестіруші Рустам Мырзағалиев, шабуылшылар Дмитрий Гаврилов пен Александр Жигулин, шабуылдаушы қорғаушы Вадим Щербак және жеңіл форвард Максим Марчук бар.

- 15 маусымнан бері дайындалдық. Бастапқыда жігіттер ойын ырғағынан шығып қалғандай көрінген. Алайда, уақыт өте келе бабтарына келді. Бізге екі ойында да жеңіске жеткен маңызды. Бәрі де жігіттердің психологиялық дайындықтарына байланысты болады, - деді бас бапкер.

Екінші ойын демекші, шілденің 2-сі күні жерлестеріміз Иран құрамасымен кездеседі. Бұл командадан ақпан айында Астанада өткен ойында 54:75 есебімен ұтылып қалған болатынбыз. Қарымта қайтарар кез келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер