Бокс

Головкин мен Альварестің қатысуымен өтетін бокс кешінің басталатын уақыты белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

WBA (Super), IBO, WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексиканың боксшы Сауль Альварестің қыркүйек айында өтетін қарымта жекпе-жегінің басталатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Аталған бокс кеші 15 қыркүйек Лас-Вегаста жергілікті уақыт сағат 17:00-де (Астана уақытымен 16 қыркүйек таңғы 6:00-де) басталады.

Осыған дейін бокс кешінің билеттері қашан сатылымға шығатынын хабарлаған едік.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйек күні таңертең Головкин Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile аренасында Саул Альвареспен екінші мәрте кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек HBO арнасында көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер