Бокс

GGG-«Канело» жекпе-жегінің билеттері сатылымға қашан шығады

GGG-«Канело» жекпе-жегінің билеттері сатылымға қашан шығады
news-banner7
mobile-news-top

WBA (Super), IBO, WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексиканың боксшы Сауль Альварестің қыркүйек айында өтетін қарымта жекпе-жегінің билеттері қашан сатыла бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл туралы GGG өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында мәлімдеді. Онда жазылуынша билеттер ертең Астана уақытымен 23:00-де сатылымға шығады. (Бұл жергілікті уақыт болйынша есептегенде таңғы 10-ға тура келеді).

Билеттердің бағасы қос боксшының арсында өткен алғашқы жекпе-жектегі бағалармен бірдей болмақ: 300, 500, 700, 800, 1500, 2500 және 5000 доллар.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйек күні таңертең Головкин Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile аренасында Саул Альвареспен екінші мәрте кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек HBO арнасында көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер