Қазақ күресі

«Қазақстан барысы-2018»: Чемпионның жеке бапкері 3 жарым млн теңге алады

news-banner7
mobile-news-top

Алдағы жексенбіде Астанадағы Барыс Аренада қазақ күресінен дәстүрлі «Қазақстан барысы» турнирі өтеді.

Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылатын балуандар бәсекесіне еліміздің әр аймағынан іріктелген 37 білекті жігіт қатысады. Жақында ғана облыс мәртебесін алған Түркістаннан екі балуан келсе, мегаполис атанған Шымкент қаласы да өз жігіттерін жарысқа қосады.

Елбасының жүлдесіне арналған айтулы турнирде топ жарған спортшы 25 миллион теңге мен алтын белбеуге ие болады. Чемпионның жеке бапкері де қаржылай сыйлық алып, 3 жарым миллион теңгені еншілейді.

Мамандар былтыр жеңіске жеткен Еламан Ерғалиевтің топ жаруы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар 2014 жылғы «Қазақстан барысы» Мұхит Тұрсынов та мықтылар қатарында бар. Семейлік балуан жұмыс бабымен Петропавлға ауысқан болатын. Биыл Мұхит Солтүстік Қазақстанның намысын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер