Теннис

«Уимблдон». Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі

«Уимблдон». Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Лондонда 2018 жылғы «Уимблдонның» жеребесі тартылды.

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс, Юлия Путинцева мен Михаил Кукушкин бірінші айналымдағы қарсыластарын білді.

Кукушкин канадалық Вашек Поспишилмен кездеседі. Айта кетерлік жайт, Михаил келесі айналымға өтсе, Надальмен кездесуі ықтимал.

Ал әйелдер арасында еліміздің намысын екі теннисшіміз қорғайды.

Дияс аустралиялық Дарья Гавриловамен күш сынасады. Ал Путинцева польшалық Магда Линеттпен кездеседі.

Еске сала кетсек, «Уимблдон – 2018» 2 шілдеде басталып, 15 шілдеде аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер