«Құпия» ақпарат

Қазақстандық футболшы мансабын Израильде жалғастырады

Қазақстандық футболшы мансабын Израильде жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский талдықорғандық «Жетісу» командасынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

23 жастағы футболшы бүгін Instagram желісіндегі парақшасында «Жетісу» клубымен қоштасты.

Prosports.kz тілшісінің мәліметінше, Тимур Рудосельский мансабын Израиль чемпионатында жалғастырады. Әзірге нақты қай клуб екені белгісіз.

Айта кетейік, Тимур Рудосельский кәсіпқой футболдағы мансабын 2014 жылы алматылық «Қайрат» клубында бастаған. Ал биылғы маусымды талдықорғандық «Жетісу» командасында өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер