ММА

Олег Тактаров: Қазақстанда бір топ адам мені ұрлап кетті

news-banner7
mobile-news-top

1995 жылғы UFC чемпионы ресейлік Олег Тактаров Қазақстанда басынан өткізген қорқынышты оқиғасы туралы айтты.

- Уақыт өтті, 2007 жылы болған қорқынышты оқиға қайталанбайды деп ойлаймын. Сол жылы бір топ адамдар қала ортасында мені 20 минутқа ұрлап кеткен еді (күліп). Қазір ұмытылмайтын оқиғаға айналды ол. Өзімді дәрменсіз сезіндім, бойымды үрей биледі. Қазақстанға барсам, бір топ адам тағы да ұрлап қашады деген үрей қалып қойды. Біраз уақыт бойы мұнда келуге қорқып жүрдім. Кейін бұл елден шақыртулар болмай қалды. Ешкіммен достық қарым-қатынасым да болмаған еді. Жақында Николос Кейдждің Қазақстандағы суретіне көзім түсті, түрі жайсыз көрінді маған. Сөйтіп, сіздерде жаңа достар табылғасын, ескілерін ұмытқан шығар деп ойладым (күліп), - деді Тактаров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер