Сисей ҚПЛ-ға оралды

Сисей ҚПЛ-ға оралды
news-banner7
mobile-news-top

Гамбиялық футболшы Момоду Сисей Қазақстан чемпионатына оралды.

29 жастағы шабуылшы петропавлдық «Қызыл-Жар СК» клубымен келісімшартқа отырды. Ол өзінің кәсіпқой мансабын бельгиялық «Вестерлода» бастаған. 2010 жылы жазда «Жилинаға» ауысып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 3 гол соқты.

Артынша, гамбиялық форвард алматылық «Қайраттың» жейдесін киіп, 2013 жылы ҚПЛ-дың үздік сұрмергені атанды. Премьер-лиганың 46 матчында 18 гол соқты.

«Қайраттан» кейін Сисей израильдік «Маккабиде» және «Жилинида» ойнады. Соңғы клубы –финляндиялық «ПС Кеми» командасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер