«Қайсарға» сербиялық шабуылшы ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қызылордалық «Қайсар» сербиялық шабуылшы Братислав Пуношевацпен келісімшартқа отырды.

Братислав кәсіпқой мансабын 2005 жылы «Напредакта» бастаған. 2010 жылдың соңына дейін осы клубта ойнап, 64 матчта 13 гол соқты. 2011-2013 жылдары румыниялық «Оцелулда» өнер көрсетті.

9 шілдеде футболшы 31 жасқа толады.

Соңғы жылдары румыниялық «Тыргу-Муреш», жапониялық «Ависпа Фукуока», сербиялық «Раднички», венгриялық «Гонвед» және «Бекешчаба» клубтарында ойнаған.

Осы маусымды петропавлдық «Қызылжарда» бастаған. Бұл клубта 15 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер