ММА

Олег Тактаров: Қазақстанға келуден қорқып қалдым

Олег Тактаров: Қазақстанға келуден қорқып қалдым
news-banner7
mobile-news-top

27 маусымда Алматыға спортшы, актер 1995 жылғы UFC 6 турнирінің жеңімпазы Олег Тактаров келген еді.

Prosports.kz «Орыс аюынан» эксклюзивті сұқбат алды.

- Олег Николаевич, сізді өз елімізде көргенімізге қуаныштымыз.

- Уақыт өтті, 2007 жылы болған қорқынышты оқиға қайталанбайды деп ойлаймын. Сол жылы бір топ адамдар қала ортасында мені 20 минутқа ұрлап кеткен еді (күліп). Қазір ұмытылмайтын оқиғаға айналды ол. Өзімді дәрменсіз сезіндім, бойымды үрей биледі. Қазақстанға барсам, бір топ адам тағы да ұрлап қашады деген үрей қалып қойды. Біраз уақыт бойы мұнда келуге қорқып жүрдім. Кейін бұл елден шақыртулар болмай қалды. Ешкіммен достық қарым-қатынасым да болмаған еді. Жақында Николос Кейдждің Қазақстандағы суретіне көзім түсті, түрі жайсыз көрінді маған. Сөйтіп, сіздерде жаңа достар табылғасын, ескілерін ұмытқан шығар деп ойладым (күліп).

Шынымды айтсам, Қазақстандағы барлық ірі қалаларда өнер көрсеттім дей аламын. 1985 жылы Алматыда дзюдодан Одақ чемпионатына қатыстым, сәтті өнер көрсеттім дей аламын. Қателеспесем, алғашқы турнирлерімнің бірі Оралда өтті. Бұл 81-82 жылдары болуы тиіс. Степногорскіде алты айдай жиын өткізгенмін. Әскерде жүргенімде екі рет Сарышағанға пойызбен барғанмын. Қазақстанның түкпір-түкпірінде болдым, маған бәрі ұнады.

- Сіз – қазір Ресей ММА федерациясының президентісіз.

- Иә. Мұндағы федерацияда шешілмеген мәселелер бар екенін білемін. Бәрін бірге шешуіміз керек. Келгендегі мақсатым осы.

- Демек, сіздің федерацияңыз бен қазақстандық федерация әріптестік құра ма?

- Меніңше, бізге ТМД елдері болып бірігіп, бәрін бірден алғысы келетін әккі ағылшындармен жұмыс істеу қажет. Мықты қорғаушы, мықты құрам жинауымыз керек. Сол кезде өз аймағымызда ММА-ді дамыта аламыз. Себебі қазір халықаралық ММА басшылығымен өзара түсінісе алмай жүрмін. Бұрын болған, қазір жоқ. ММА жылжып келеді, оның танымал болуы үшін бірқатар қадам жасау қажет.

- Қазақстандық федерация сізбен байланысып тұра ма?

- Біз Лас-Вегаста танысқанбын, сол жақта әуесқой ММА-ден алғашқы чемпионат өткен. Оған көп спортшының келгені мені таңқалдырды. Мұнда ММА-мен айналысатындар көп қой. Қазақстанда күрес, бокс, жекпе-жектер басқа спорттардан танымалдау.

- Ресейдегі ММА-дің дамуы туралы айтсақ. Сіз және сіздің федерацияңыз балаларды дамыту үшін қандай қадамдарға барды?

- Бұған дейін қандай қадамдар жасалды, солай қала береді. Кей функционерлердің астыртын ойлары жүзеге асып, бізге ММА-ді дамытуға кедергі келтірмес үшін заң түрлерін өзгертемін. Қазір бәрі жақсы, бәрі дамып жатыр – балалар да, ересектер де.

- Балалар спорты жайында. 2016 жылдың соңында Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров балалар арасында турнир өткізген еді.

- Оны өткізген Рамзан Кадыров емес, оған біреулер ор қазған. Рамзан мұның бәрін кім істегенін біледі және жазаларын берді деп ойлаймын.

Балалар спорты жақсы, бірақ оларды қатты еркелетудің керегі жоқ. Бәрі әділетті болуы тиіс. Менің балама қарсы әлсіздеу қарсыласты шығарғанын қаламаймын.

Биыл мамырдың аяғында ресейлік ММА спортшысы Александр Шлеменко Тактаровты сыраны жарнамалағаны үшін сынға алған болатын.

«Ол денсаулыққа зиян келтіретін тауарды жарнамалап, сол арқылы ақша жинамай, дұрыс шешім қабылдаса деймін», - деді Шлеменко championat.com-ға берген сұқбатында.

- Мамырдың аяғында сыра жарнамасы бойынша Александр Шлеменкомен келіспей қалған едіңіздер.

- Жоқ, мен онымен жанжалдасқан жоқпын. Мен оның есімін де атамадым.

- Ендеше неге ол осындай сөздер айтты?

- UFC-де жеңе алмағанынан болар, бәленің бәрі осыдан басталған шығар. Ол туралы айтқым келмейді.

- Ресейлік басқа спортшыларға ауысайық. Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор. Кімді фаворит санайсыз?

- Мен оның жұмысына қатысты пікір айтпаймын деп өзіме уәде бердім. Оның әкесі (Абдулманап – Prosports.kz) маған «лайк» қоятыны үшін рақмет, мүмкін осы арқылы менің пайдалы дүние істегенімді мойындайтын шығар. Бірақ бұл тақырыпты көтергім келмейді. Маған алғысын айтуға жарамды адамдармен жұмыс істеп, соларға көмектескім келеді.

- UFC-де әзірше қазақстандық спортшылар жоқ. Бұл үшін не істеу керек?

- Мұның жауабын UFC чемпионы болған бір жігітке айтқанмын. Мен оған бес тармақты түсіндіргенмін. Ол соны орындап, чемпион атанды. Бірақ бұл туралы сол спортшының өзі айтсын.

- Телекомпаниялар жергілікті спортшыларды қолдауы керек пе?

- Егер жұлдыз болмаса, басқалары да болмайды. Шоу жұлдыз барда ғана сатылады. Балалар соларға ұқсағысы келіп спорт залдарына барады. Спорттың кез келген түрі белгілі бір тұлғалардың арқасында дамиды.

- Қазір спортшылар арасында трешток танымал. Спортшылар мұнымен айналысуы керек пе?

- Жоқ, олар міндетті емес. Бірақ әрқайсысының өз тәртіп, әдебі болуы керек.

- Осы айдың басында сіз футболдан Ресей құрамасын сынға алып, команда бір жеңіске де қол жеткізе алмайтынын айтқан едіңіз. Енді Черчесовтың ұжымы плэй-оффқа шықты. Сөзіңден бас тартпайсыз ба?

- Менің орныма журналистер жазып тастаған. Сөздерімді бұрмалапты. Орынсыз тақырыптарды ойлап табады. Оларға рейтинг керек екені түсінікті ғой.

- Құраманың ойындарын бақылап жүресіз бе?

- Әрине. Мен кәсіби маманмын. Мұнда спорттың қай түрі екені маңызды емес. Футболшылардың бар психологиясын молекула бойынша жайып бере аламын. Футболды да жақсы ойнаймын. Оларға бұл берілмегені бірден көрінеді. Иә, олар аутсайдерге 5 гол соға алады. Әзірше менің болжамдарын орындалып жатыр, қорқыныштысы осы. Олардың болашағы туралы ойлағым да келмейді.

- Қазақстанда сіздің «Жыртқыш», «Монтана» фильмдеріңізді әлі ұмытылған жоқ. Кинематографта алдағы жоспарларыңыз қандай?

- Күзде «Тұйыққа тірелгендер Аралы» жобасы шығады. Бәрін өз қолыма алуым керегін түсіндім. Ерекше жазушы тауып алып, оны жетекші продюсерлермен таныстырдым. Бұл әдеттен тыс оқиға болмақ. Бірінші кезекте, менің артымнан бір нәрсе жасамайтын адамдарға сенуім керек. Бәріміз бір толқынмен жүзуіміз қажет. Спортта осындай ұжымды құру үшін 7 жылым кетті. Бұл тұрғыда дамып келеміз.

- Қазақстандағы жанкүйерлеріңізге не айтасыз?

- Оларға үлкен рақмет. Қанша уақыт өтсе де, ештеңе өзгерген жоқ. Менің уақытым өтті, енді тағы 20 жыл күту керек деп ойлаған едім (күліп).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер