Жеңіл атлетика

Милад Карими: Үлкен спортқа тезірек оралу үшін аянып қалған жоқпын

Милад Карими: Үлкен спортқа тезірек оралу үшін аянып қалған жоқпын
news-banner7
mobile-news-top

Наурызда Австралияның Мельбурн қаласынан тараған суық хабар желіні шарлап кетті. Қазақстандық гимнаст Милад Карими Мельбурндегі Әлем Кубогы кезеңінде қоссырықтан құлап, қолын сындырып алған болатын. Спортшының бұл жарақаты әлем жанкүйерлерінің алаңдаушылығын тудырған еді. Қуанышқа қарай, Милад көп ұзамай қатарға қосылды. Алматыда өткен Қазақстан біріншілігінде Olympic.kz спортшының хал-жағдайын сұрап, тілдескен еді.

- Әрине, жарақаттан соң аздап сенімсіздік пайда болды. Өзімнің қандай қиындықтан өткенімді көріп, жаттығу кезінде барынша сақ болуға тырысамын. Қазір жағдайым жаман емес, денсаулығым бірқалыпты. Жаттығу жұмыстарына кірісіп, Қазақстан чемпионатында бақ сынап үлгердім. Мойындау керек, біріншілік кезінде көп тәуекелге бармай, жеңілдетілген бағдарламаларды орындадым.

Жарақаттан кейін төрт ай бойы емделдім. Осы төрт ай ішінде тезірек қатарға қосылып, жарысқа қайта оралсам деген ой ғана болды менде. Үлкен спортқа тезірек оралу үшін қолымнан келген барлық әдісті пайдаландым.

Айтпақшы, осы орайда австралиялық бапкерге шексіз алғысымды айтамын. Ол менің емделуіме бар жағдайды жасап, өз үйінде тұрғызды. Отадан кейін менің денсаулығым 16 сағат бойы ұшуға жарамайтын еді. Шетелдік бапкер менің денсаулығыма қажетті жағдайдың барлығын жасап, көмегін аяған жоқ. Сол үшін ол кісінің еңбегін ешқашаман ұмытпайтын шығармын.

Қазақстан чемпионаты – менің жарақаттан кейін қатысқан алғашқы жарысым. Әзірге, көрсеткіштерім жаман емес. Бапкерлер мені Азия ойындарына қатысатын спортшылар қатарына қосты. Енді көрсеткіштерімді жақсарта түсемін деген ойдамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер