Баскетбол

Қазақстан баскетболшылары 2019 жылғы Әлем чемпионатының жолдамасына тартысады

news-banner7
mobile-news-top

29 маусым мен 2 шілде аралығында баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатына Азия аймағындағы іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі матч өткізеді, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

29 маусым күні Ирак құрамасына қарсы кездесу өтпек. Бүгінде Ирак турнирдің ең соңғы сатысында келе жатыр, ал олардың жалғыз жолдама үшін басты қарсыластары – Катар құрамасы сол күні Иранмен жолығады. Егер катарлықтар жеңіліс тапса, бұл Ирактың турнирді жалғастыруына ерекше жігер беретіні сөзсіз.

Екіншіден, Қазақстан құрамасы өз алаңында Иракты 82-76 есебімен овер-таймда жеңгеніне қарап, олардың оңай жеңіле қоймасын бағамдауға болады. Кездесу Астана уақытымен 23:00-де өтеді.

2 шілде күні қазақстандық баскетболшылар Иран құрамасынан қарымта қайтаруға тырысады. Ирандықтар Астанада өткен бәсекеде 75:54 есебімен Қазақстан құрамасын жеңіп кеткен болатын.

Тегеранда өтетін кездесулер Қазақстан мен Иранға екінші раундтағы ұпайларын еселеуге мүмкіндік бермек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер