Қысқы

Олимпиада чемпионы атанған қазақ қызы өзі туралы айтып берді

Олимпиада чемпионы атанған қазақ қызы өзі туралы айтып берді
news-banner7
mobile-news-top

Спортшы қыз Белоруссияның Чаусы қаласында Қала күні мерекесіне қатысқан. Динара жергілікті биліктің шешімімен қаланың құрметті азаматшасы атанған.

Спортшы қыз сүйген азаматы бар екенін, алайда әлі тұрмысқа шығуды жоспарламағанын айтты.

«Кездесіп жүрген адамым бар, бірақ әлі үйленеміз деп жоспарлаған жоқпыз. Өзіміз үшін өмір сүруіміз керек. Әлі жаспыз. Кейінірек тұрмыс жайлы ойлай жатармыз», – дейді ол.

Динара болашақта көп баласы болғанын қалайтынын айтты. Айтуынша, иығына ота жасап, қазір ем алу үстінде екен.

«Бәрі жақсы боларын сенем. Әлем чемпионатына қатыссам деймін. Екі жарым жыл бұрын жарақат алғанмын. Ота жасатпай емделгеніммен, ауырып жүрдім», – дейді Динара.

Ол жарақаты жайлы мүлде ойламай, жақсылыққа үміттенетінін айтты.

Динара Әлімбекова 1996 жылы Қазақстанда туған. Әкесі – қазақ, анасы – белорус. 3 жасында отбасымен Белоруссияға көшіп кеткен. Пхёнчханда өткен қысқы олимпиада кезінде Белоруссия атынан шығып, эстафеталық гонкада алтын медаль иеленген еді.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер