русский язык
Хоккей

«Барыс» «Слованды» айқын басымдықпен жеңді

«Барыс» «Слованды» айқын басымдықпен жеңді

 «Барыс» хоккей клубы өз алаңда «Слован» (Словакия, Братислава) командасын ойсырата ұтты.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Братислава қаласында өткен ойында «Барыстың» хоккейшілері «Слованды» 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Осы жолы да Елордалық команда қарсыластың қақпасына алты шайба соғып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ойынның басында «Слован» есепті бірінші болып ашты. Алайда кейін сол бір шайбадан аса алмады. «Барыс» болса, үш кезеңнің әрбіреуінде екі шайбадан соғып, есеп айырмасын 6:1-ге жеткізе білді. Бұл матчта Константин Руденко, Дмитрий Уппер, Майк Ландин және Дастин Бойд нәтижелі соққылармен көзге түссе, Найджел Доус дубльдың, яғни екі бірдей шайбаның авторы атанды. Оны ол үшінші кезеңде қатарынан соқты.

Осылайша «Барыс» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, барлығы 62 ұпаймен жалпы турнир кестесінде 4-ші орынды сақтап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;