Еуропалық бомбардир «Қайратқа» ауысуым мүмкін

Еуропалық бомбардир «Қайратқа» ауысуым мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Венгрия ұлттық құрамасының шабуылшысы Мартон Эппел сенбі күні "Қайрат" футбол клубына қосылу үшін медициналық тексеруден өту мақсатында Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Nemzeti Sport басылымы.

Венгриялықтың денсаулығында еш кінәрат болмаса, тараптар шартқа қол қояды, өйткені барлық мәселе талқыланып, өзара бітімге келген.

"Әлбетте, шабуылшы "Қайраттың" көзіне бірден түскен, себебі өткен маусымда Венгрия чемпионатында 14 гол соғып, жақсы нәтиже көрсетті", — деп жазады венгриялық БАҚ.

Мартон Эппелдің сапары сәтті аяқталса, алдағы уақытта отандасы Акош Элекпен бір клубта ойнайтын болады. Жартылай қорғаушы Қазақстанда бір жарым жылдан бері тұрады, Мартонға "Қайрат" пен Қазақстан жайлы бәрін айтып берсе керек.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер