Әлем футболы

Сауд Арабиясы соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Сауд Арабиясы соңғы минутта жеңісті жұлып алды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан әлем біріншілігінің топтық кезеңіндегі қорытынды ойындар басталып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

А тобының көшбасшылары Ресей мен Уругвай кездескен ойында жарыс қожайындары тас-талқан болып жеңілді.

Ал Сауд Арабиясы мен Египет арасындағы ойын тартысқа толы болды. Есепті 22-ші минутта мысыр елінің шабуылшысы Салах ашқанмен, Сауд Арабиясының ойыншылары бірінші таймның аяқталар тұсында таразы басын теңестірді. Ал ойынның соңында Аль-Давсари гол соғып, командасына жеңісті сыйлады.

Әлем чемпионаты - 2018. А тобы

Сауд Арабиясы - Египет 2:1 (1:1)

Голдар: Салах 22', Аль-Фараж 45+6' (пенальтиден), Аль-Давсари 90'

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер