Әлем футболы

Уругвай А тобында қарсылас шақ келтірмеді

Уругвай А тобында қарсылас шақ келтірмеді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан әлем біріншілігінің топтық кезеңіндегі қорытынды ойындар басталып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

А тобының көшбасшылары Ресей мен Уругвай кездескен ойында жарыс қожайындары тас-талқан болып жеңілді. 10-ші минутта Луис Суарес айыпдобын керемет орындап, есепті ашқан. Араға 10 минут салып Уругвай есепті еселей түсті. Ресейдің ойынышсы Черышев допқа аяғын сәтсіз тосып, өз қақпасына гол соғып алды. 36-шы минутта Смольников екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бұдан кейін Ресейдің жағдайы тіпті нашарлап кетті. Ал ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Эдинсон Кавани командасының үшінші голын соқты.

Әлем чемпионаты - 2018. А тобы

Уругвай - Ресей 3:0 (2:0)

Голдар: Суарес 10', Черышев 23' (өз қақпасына), Кавани 90'

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер