Beautiful Football
Әлем футболы

ӘЧ-2018: тазалық, төрге шығыңыз!

ӘЧ-2018: тазалық, төрге шығыңыз!
news-banner7
mobile-news-top

Төрткүл дүние көз тігетін әлем чемпионаты да төрт жылда бір өтеді. Сондықтан алты құрлық алыптары жиналған аладоп бәсекесі елдің абыройын асқақтатып, ұлттың мәдениетін паш етеді.

Мысалы, Ресейдегі доп додасында Жапония жанкүйерлері әлем назарын аударды. Алғашқы турда Күншығыс елінің футболшылары Колумбиядан басым түскен болатын. Ойыннан кейін жапон жанкүйерлері стадиондағы өз секторларын тазалып, қолданған қоқыстарын арнайы орындарға тастады. Олар игі істерін кеше түнде Сенегалмен болған матчтан кейін де жалғастырды. Қоқысты да кәдеге жарата білген жапон жұрты өз мәдениеті мен ақыл-парасатын тағы бір мәрте паш етті. Самурайлар ұрпағының ұл-қыздары осылай көпшілікке ой тастады. Сенегал жанкүйерлері де игі іске үн қосып, Екатеринбург қаласындағы ойыннан кейін стадиондағы өз алаңқайларын тазалап кетті.

Гора Ноди, Сенегал жанкүйері:

- Біз әлемге жақсы ісімізді көрсетуіміз керек. Себебі мұнда тек ішіп-жеп, артымызда қоқыс қалдыру үшін келгеніміз жоқ. Әр ойыннан кейін осылай тазалыққа мән беріп, жер-жаһанға жақсы әдетті насихаттаған дұрыс. Осылай өзімізді жақсы қырынан көрсетсек, кез келген жерде бізді құрметпен қарсы алатын болады.

Казунори Такишима, Жапония жанкүйері:

- Біздің бұл іс-әрекетіміз адамдарға ой салады. Себебі стадионға жанкүйерлер көп жиналады. Оларға үлгі көрсетіп, жапон ұлтының санасының жаңғырғанын көрсеткіміз келеді. Адамның ақыл-парасаты да қоқыстан тазарса дейміз.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер