Beautiful Football
Әлем футболы

Ресейлік кондитерлер шоколадтан Мессидің мүсінін құйып шығарды

Ресейлік кондитерлер шоколадтан Мессидің мүсінін құйып шығарды
news-banner7
mobile-news-top

Алтуфьево кондитерлік үйі шоколадтан Аргентина құрамасының шабуылшысы Мессидің мүсінін жасады.

«Бұл атақты спортшының туған күніне тосын сый»,- дейді ұйымдастырушылар. Салмағы 60 келі болатын тәтті өнімді жасау үшін 5 кондитерлік үй 1 апта бойы бірігіп еңбектенген. Туынды толығымен қолдан жасалған. Айта кету керек, 31 жасқа толатын Мессидің туған күні Броницада өтеді. Себебі Аргентинаның ұлттық құрамасы сонда тоқтаған. Ұйымдастырушылар туған күн иесін салтанатты концерт кезінде құттықтап, ерекше сыйлықты тарту етеді.

Дарья Малкина, Алтуфьево кондитерлік үйінің бренд-шефі:

- Ресейде өтіп жатқан чемпионатқа байланысты Месси туған күнін осы жақта қарсы алады. Бұл жаңалықта білген кезде оған ерекше сыйлық жасауды жөн санадық. Шоколадтан жасалған мүсін спортшыға ұнайды деп үміттенеміз.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер