Роман Муртазаев: Бізге бұл жеңіс қажет еді

Роман Муртазаев: Бізге бұл жеңіс қажет еді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» клубының шабуылшысы Роман Муртазаев Алматының Орталық стадионында «Қайрат» командасына қарсы өткен матчтан соң (2:1) ойын туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

— Құдайға шүкір, бүгін гол салдым. Осындай жауапты әрі маңызды ойында голсоғуға мүмкіндік берген Аллаға сансыз шүкір деймін. Матч өте ауыр өтті...Алматыда ойнау әрдайым қиынға соғады. Өйткені, алаң сенікі емес, жанкүйерлер де саған бөтен болып тұрады. Дегенмен, біз жеңіске жете алдық. Бізге бұл жеңіс қажет еді. Өйткені біз бұл ойында қарсыласымызға есе жіберетін болсақ, турнир кестесінде ізімізден қуып келе жатқан «Қайрат» бізге жетіп алатын еді. Бұл жеңіске команданың барлық мүшесінің үлесі бар деп есептеймін. Сондықтан бізге қажет нәтижеге қол жеткіздік. Мұндай ойындарды жанкүйерлер жақсы көреді және футболға деген қызығушылығы арта түседі. Ең бастысы, біз жанкүйерлердің үмітін ақтай алдық, – дейді Муртазаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер