Ресми: Быстров «Астананың» ойыншысы атанды

Ресми: Быстров «Астананың» ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Тамбов» клубының ойыншысы Марат Быстров «Астананың» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

26 жастағы футболшы елордалық команданың сапына келесі жылы қосылады. Ол биылғы маусымның соңына қостанайлық «Тобылға» жалға берілді. Қос тарап келісімшарты осылай жасалған.

Айта кетейік, Марат Быстров Қазақстанның Жетіқара қаласында туған. 2016/17 жылғы маусымды ол «Тамбов» командасының сапында өткізіп, Ресей Премьер-Лигасының жолдамасы үшін күрескен.

Бұған дейін елордалық «Астана» киевтік «Динамо» футболшысымен толығуы мүмкін деген ақпарат пайда болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер