Әлем футболы

Шакири мен Джака екі ойыннан шеттетілуі мүмкін

Шакири мен Джака екі ойыннан шеттетілуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Швейцария командасының ойыншылары Джердан Шакири мен Гранит Джака алдағы екі матчтан шеттетілуі мүмкін.

Сербия құрамасының қақпасына соққан голдарынан соң екі футболшы да қарсыластарының намысына тиетін қылық көрсетті. Швейцариялықтардың бұл әрекетін FІFA жауапсыз қалдырмаймыз деп отыр. Екі құрама арасындағы кездесу Калининградта өтіп, 2:1 есебімен швейцариялықтар жеңіске жеткен еді. Түп-тамырлары косовалықтармен байланысып жатқан Джака мен Шакири сол ойында бір-бір голдан соғып, бұл жетістіктерін Албанияның белгісі болып табылатын – қыран құс қанатын құлаш сермегенін аңғартатын әрекетпен атап өтті. Одан қалды Шакиридің аяқ киімінің бірінде Швейцарияның, екіншісінде Косово туы бейнеленген екен. Бұл жайтқа қатысты тергеуді бастаған FІFA футболшылардың іс-қимылдары тәртіптік кодекстің 54-бабына қаншалықты сәйкестігін анықтауға кірісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер