Басқа

Бессайыстан Әлем кубогының жеңімпаздары белгілі

news-banner7
mobile-news-top

Астанада бессайыстан Әлем кубогы өз мәресіне жетті. Финалдық жарыстар «Қазанат» атшабарында өтті, деп хабарлайды Baq.kz. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша әйелдер арасында бірінші орынды Олимпиада чемпионы аустралиялық Хлои Эспозито алды, оның қорытынды нәтижесі 1 337 ұпай. Мажарстандық Сарольта Ковакс екінші орында (1 324 ұпай). үздік үштікті литвалық Джинтари Винкаускайте түйіндеді - 1 371 ұпай.

Екінші күннің қорытындысы бойынша ерлер арасында бірінші орынды Кореядан келген бессайысшы Джинхуа Джун иеленді, ол жалпы - 1 431 ұпай жинады (семсерлесу - 258, жүзу - 305, салт жүріс - 300, лазерран (жүгіру+ату) - 568, екінші орын да кореялық спортшының еншісінде Вунтай Джун -1 426 ұпай жинады (семсерлесу - 215, жүзу - 306, салт жүріс - 293, лазерран (жүгіру+ату) - 612, үштікті ирландиялық Артур Лэниган-О Кейфи түйіндеді, ол - 1 425 ұпай иеленді (семсерлесу-224, жүзу-307, салт жүріс - 300, лазерран (жүгіру+ату) - 591.

Үшінші күн аралас эстафетамен қорытындыланды. Бірінші орынды италиялық бессайысшылар Элис Сотеро мен Рикардо де Лука алды, екінші орында кореялық спортшылар Кум Сун Во және Джи хун Ли, үшінші орында украиналық бессайысшылар Валерия Пермикина мен Павел Тимошенко. Естеріңізге сала кетсек, қазіргі бессайыстан Әлем кубогының финалы маусымның 21-24 аралығында «Сарыарқа» велотрегі, «Барыс Арена» спорт кешені, «Қазанат» атшабары базаларында өтті. Шара Астана қаласының 20-жылдығына арналды. Финалға әлемнің ең үздік спортшыларының тізіміне енген 36 ер және 36 әйел спортшы келді.

Қазақстан тарихында заманауи бессайыстан ел абыройын қорғаған мықты спортшылар баршылық. Атап айтқанда, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында Александр Парыгин Қазақстанның қоржынына алтын медаль әперген болатын. Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер