Теннис

Путинцева Истбурн турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

Путинцева Истбурн турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Юлия Путинцева Истбурн (Ұлыбритания) турнирінің бірінші айналымында хорватиялық Донна Векичпен күш сынасты.

Биыл 23-ке толған қазақстандық теннисші қазіргі таңда әлемдік рейтингте 57-інші орында тұрса, 1996 жылғы Д.Векич одан екі саты ғана жоғарыда келеді. Шеберлік деңгейлері шамалас деуге болады. Барынша тартысты өткен матчта бірінші партияда Донна Векич басымдылық танытты - 7:5. Екінші сетте бірден брейк жасаған хорватиялық теннисші 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен Юлия қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді. Алайда өзі доп бергенде, мүмкіндігін пайдалана алмады - 2:3. Ақыры бұл партияда да хорватиялық теннисші 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер