Басқа

Бессайыстан Әлем Кубогы финалы аяқталды

Бессайыстан Әлем Кубогы финалы аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

24 маусымда бессайыстан Әлем Кубогы финалы өз мәресіне жетті.

Финалдық жарыстар Қазанат атшабарында өтті. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша әйелдер арасында бірінші орынды Олимпиада чемпионы австралиялық Хлои Эспозито алды, ол қорытындысында 1337 ұпай жинады, (семсерлесу-226, жүзу-287, салт жүріс-300, лазерран(жүгіру+ату) – 524, екінші орынды венгриялық Сарольта Ковакс алды, оның қорыжынында - 1324 ұпай (семсерлесу-244, жүзу-289, салт жүріс-293, лазерран (жүгіру+ату) – 498, ұздік үштікті литвалық Джинтари Винкаускайте түйіндеді -1371 ұпай (семсерлесу-185, жүзу-266, салт жүріс – 300, лазерран(жүгіру+ату)-566.

Екінші күннің қорытындысы бойынша ерлер арасында бірінші орынды Кореядан келген бессайысшы Джинхуа Джун иеленді, ол жалпы - 1431 ұпай жинады (семсерлесу – 258, жүзу – 305, салт жүріс – 300, лазерран(жүгіру+ату)-568, екінші орын да кореялық спортшының еншісінде Вунтай Джун -1426 ұпай жинады (семсерлесу – 215, жүзу – 306, салт жүріс – 293, лазерран(жүгіру+ату) – 612, үштікті ирландиялық Артур Лэниган-О Кейфи түйіндеді, ол – 1425 ұпай иеленді (семсерлесу-224, жүзу-307, салт жүріс – 300, лазерран (жүгіру+ату) – 591.

Үшінші күн аралас эстафетамен қорытындыланды. Бірінші орынды италиялық бессайысшылар Элис Сотеро мен Рикардо де Лука алды, екінші орында кореялық спортшылар Кум Сун Во және Джи хун Ли, үшінші орында украиналық бессайысшылар Валерия Пермикина мен Павел Тимошенко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер