Әлем футболы

Англия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды

Англия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионатының екінші турында «G» тобының өкілдері Англия құрамасы мундиальдың дебютанттары Панаманы тас-талқан етті.

Ағылшындар бірінші таймда ойын тағдырын шешіп тастағандай. Джесси Линградтың және Джон Стоунз бен Харри Кейннің қос голы арқасында бес гол соғылды.

Екінші таймда Англия құрамасы ойыншылары Кейннің көмегімен тағы бір гол соқты. Әлем чемпионатының дебютанттары панамалық ойыншылардың 78-ші минутта Балой соққан жалғыз голмен жауап қайтаруына мүмкіндіктері болды. Бұл гол Панама құрамасының Әлем чемпионаты тарихындағы алғашқы голы болды.

Осылайша, G тобында 6 ұпай жинаған Англия құрамасы екінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды. Ал бірінші орынға Бельгия жайғасқан.

Түпнұсқасы: kaztrk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер