русский язык
Футбол

Футболдан әйелдер ұлттық құрамасының қарсыластары анықталды

Футболдан әйелдер ұлттық құрамасының қарсыластары анықталды

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде, футболдан 17 мен 19 жасар қыздар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңнің жребесі тартылды.

Қазақстан U-17 құрамасы 8-ші топқа түсті. Бұл топта: Дания, Түркия және Македония құрамаларымен кездеседі. Іріктеу ойындар келер жылдың 15-21 қазан аралығында Македонияда өтеді.

Қазақстан U-19 құрамасы болса, 4-ші топта Италия, Түркия және Уэльс командаларымен ақтық кезеңге шығу жолдамасына таласады. Аталған топтың кездесулері келер жылдың 13-18 қыркүйек күндері Түркия мемлкетінде өтетін болды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;