Бокс

Қанат Ислам WBO ұйымындағы 15 үздік спортшысы тізімінен шығып қалды

Қанат Ислам WBO ұйымындағы 15 үздік спортшысы тізімінен шығып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0-0, 20 KO) WBO ұйымының 15 үздік спортшысынның қатарынан шығып қалды.

Бұған дейін Ислам Бүкіләлемдік бокс кеңесінің әлемдік кестесі бойынша 9-шы орында тұрған болатын.

Алайда Қанат өзге танымал бокс ұйымдарының рейтингінде өзінің орнын сақтап қалды. Айталық WBA рейтингінде ол екінші орында тұрса, IBF-те үшінші, Ring-те төртінші орында тұр.

Айта кетейік, Қанат Ислам кеше «Belasco Theater»-дегі бокс кешінде өнер көрсетуі тиіс болатын. Алайда Қанат жарақат алып қалып, оны боксшы Мейірім Нұрсұлтанов алмастырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер