Басқа

Елордада «Астана-Дуатлон» жарысы өтті

Елордада «Астана-Дуатлон» жарысы өтті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордада өткен «Астана-Дуатлон» жарысына 500-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақпарат порталына сілтеме жасап.

Жарысқа 16 жастан бастап барлық азаматтардың қатысу мүмкіндігі болды. Жарыс үш кезеңнен тұрды: 5 шақырымға жүгіру, 20 шақырымға веложарыс және 2,5 шақырымға жүгіру.

Жарыстың үш кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылардың ішінде ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, «Цеснабанк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбек, Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, Астана футбол федерациясының басшысы Мәлік Хасенов, «Алау» мұзайдыны кешенінің директоры Санат Шапашов бар. Ақтық мәреге жеткен қатысушыларды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев құттықтап, бағалы сыйлықтар және медальдармен марапаттады.

Одан бөлек, «Астана-Дуатлон 2018» қатысушылары арасында лотерея билеттері ойнатылып, бағалы сыйлықтар ұтысы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер