Басқа

#UnitedBy Елімізде Халықаралық Олимпиада күні атап өтілді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан халқы жылдағы дәстүр бойынша Халықаралық Олимпиада күнін атап өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл ең басты олимпиадалық мерекелердің бірін әлемдегі спортсүйер қауым 70-ші рет тойлауда. Мерейтой құрметіне орай, Халықаралық Олимпиада комитеті бар әлемдегі спорт жанкүйерлері мен салауатты өмір салтын қолдаушыларды бірігуге шақыратын #UnitedBy кампаниясын іске қосты.

Астана тұрғындары жексенбілік таңды Астаналық саябақтағы фитнес-жаттығудан бастады. Бұл шараға танымал отандық спортшылар, Олимпиада ойындарының қатысушылары мен жүлдегерлері қатысты. Алматылықтар бұрынғы дәстүрден жаңылмай, Олимпиада күнін веложарыспен атап өтті. Жарыс «Нұрлы Тау» бизнес орталығында басталды. Сондай-ақ, веложарысқа қазақстандық спортшылар да қатысты. 23 маусым күні «Я с тобой» балаларға паллиативтік көмек көрсету Орталығы Қазақстан ҰОК қолдауымен Олимпиада күнін тойлау аясында онкологиялық дертке шалдыққан балалардың қатысуымен «Жас көшпенділер» ойынын өткізді.

Олимпиада күнін тойлауға қатысушылар арнайы сертификатқа және еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұсынған жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер