русский язык
Хоккей

«Сарыарқа» хоккей клубы овертаймда «Зауральені» жеңді

«Сарыарқа» хоккей клубы овертаймда «Зауральені» жеңді

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңда «Зауралье» (Ресей, Қорған қаласы) командасын ұтты.

Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде «Сарыарқаның» хоккейшілері бір ойыншыға кем ойнап жүріп-ақ, қарсыласын қапы қалдырды. Есеп - 1:0. Дегенмен, үшінші кезеңде таразы басы теңесті. Матчтың негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса да, овертаймда, яғни қосымша уақытта «Сарыарқа» өз шеберлігін барынша таныта білді. «Зауральенің» бір хоккейшісі ережені бұзып, екі минуттық айып уақытын өтеуге аттанған кезде, «Сарыарқаның» бас бапкері тайм-аут алды. Содан бір минуттың айналасында Қарағанды қаласының хоккей клубы өз басымдығын іске асыра білді. Кирилл Лебедев екінші шайбаны соғып, команданы жеңіске жетеледі. Қорытынды есеп - 2:1.

Айта кетер жайт, бұл ойында «Сарыарқа» екі ұпайға қол жеткізді. Ал «Зауралье» бір ұпайды (барлығы 16 ұпай) қанағат тұтты. Соған қарамастан, Қорған қаласының хоккей клубы жалпы турнир кестесенің ең соңғы сатысында қалды. «Сарыарқа» болса, 42 ұпаймен 9-шы орында келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;