Владимир Муханов: Біз ынтымағымыз жарасқан командамыз

Владимир Муханов: Біз ынтымағымыз жарасқан командамыз
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» бас бапкерінің «Тобылмен» өткен ойыннан кейінгі сұхбаты – 3:2

-Біз бүгін қиын ойын болатынын білдік. Командалар турнирлік кестеде қай орында тұрғандарына қарамастан, шоқтығы биік матч – дербиде таласқа түсіп жататыны жасырын емес. Өткен тарих бізді осыған үйретті. Шым-шытырық шиеленіскен ойын, допқа таластағы жанкештілік – біз бүгін осындай ойынға куә болдық. Біз бүгін жақсы ойнай білдік. Біз шабуыл мен қорғаныстың арасын тепе-тең ұстай алдық. Позициялық шабуылдар мен қарымта шабуылдар болды. Пиззеллидің жеке бас шеберлігі... Мен ешқашан айтпайтын едім – ол әрдайым өте керемет ойнайды. Оған команда да жақсы көмектесіп келеді. Біздің ауызбіршілігімізді тағы бір рет айтып өтсем деймін. Жігіттер алаңда да, қосалқы құрамда да бір отбасыдай болды. Осындай ынтымақтың арқасында біз бүгінгі ойында жеңіске жеттік.

Түпнұсқасы: fc-aktobe.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер