Қазақ күресі

Батумиде қазақ күресінен Еуропадағы үздік палуан анықталды

Батумиде қазақ күресінен Еуропадағы үздік палуан анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Грузияның Батуми қаласында қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионаты аяқталды.

Күреске Еуропа елдерінің 80-ге жуық спортшысы қатысты. Жарыс сегіз салмақ дәрежесі, сондай-ақ абсолютті салмақ дәрежесі бойынша өтті.

«Менің қарсыластарым мықты болды. Жеңу оңай болмайды, бірақ чемпионаттың өз елімде өтіп жатқаны көмектесті. Қазақ күресіне бір жылдай дайындалдым. Өзім дзюдошымын. Қиын болды, алайда мен дәстүр мен қазақ күресінің ережелеріне сәйкес күрестім. Спорттық мансабымды қазақтармен бірге жалғастырмақпын. Мұндай деңгейдегі алғашқы жарысым. Бір ай бұрын қазақ күресінен Грузия чемпионаты өтті, онда мен Грузия чемпионы атандым», - деді журналистерге 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі чемпионат жеңімпазы Иракли Купатадзе.

Басты күрес жергілікті уақыт бойынша түн ортасына қарай абсолютті салмақ дәрежесінен өтті. Палуандардың күресін тамашалауға футболдан әлем чемпионатында Германия немесе Швецияға жанкүйер болуға келген адамдардан әлдеқайда көп көрермен жиналды. Аталған салмақ дәрежесінде грузиялық палуан, дзюдодан Еуропа чемпионы Гурам Тушишвили жеңімпаз атанды. Екінші орынды болгарлық Веселин Иванов, үшінші орынды поляк Петр Томаш Талач иеленді.

«Осы чемпионатқа қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Былтыр Қазақстанда екінші орын алған едім. Ол маған үлкен тәжірибе болды. Мен жақсы күрестім деп ойлаймын, себебі біздің грузиндік күрес пен қазақ күресі қатты ұқсайды. Соның арқасында чемпион болдым деген ойдамын», - деді Гурам Тушишвили журналистерге берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер