Владимир Никитенко: Пиззеллидің шеберлігі қарсыласқа қол болды   

Владимир Никитенко: Пиззеллидің шеберлігі қарсыласқа қол болды    
news-banner7
mobile-news-top

«Тобыл» ФК бас бапкерінің «Ақтөбемен» өткен ойыннан кейінгі сұхбаты – 2:3

- Ешкім де ойын оңайға түседі деген жоқ. «Ақтөбе» соңғы ойындарда жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Бұл көрініп тұр. Шын шебері, жақсы ойыны бар команда. Бүгін алаңда қос команда біршама тіреске түсті. Оның үстіне қателіктер де көп болды. Бірінші голды стандарттан соқтырып алдық. Екінші таймда қысым көрсетіп бақтық, бірнеше мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ Пиззеллидің жеке бас шеберлігі қарсыласқа қол болды. Ол айып алаңының алдында алдап, әдемі тепті. Тәуекелге баруға тура келді. Қысымымызды одан сайын арттырдық. Алайда содан кейін ойыншымыз алаңнан қуылды, үшінші гол соғылды... Соған қарамастан алғы шепте белсенді ойнауымызды тоқтатпадық. Бірақ бір ойыншыға кем ойнау оңай емес.

Түпнұсқасы: fc-aktobe.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер