Әлем футболы

Ресейде Swarovski кристалдарымен безендірілген доп сатыла бастады

Ресейде Swarovski кристалдарымен безендірілген доп сатыла бастады
news-banner7
mobile-news-top

Саран қаласында футбол жанкүйерлері асыл тастарымен безендірілген кәдесый добын сатып ала алады.

Бағасы – 2 мың доллар. Ала доп 10 мың Swarovski тасымен көмкерілген. Саран фабрикасы осылайша доп додасына ерекше кәдесый ұсынды. Шеберлер мұндай 11 допты әшекейлеуге 2 апта еңбек еткен. Фабрика директорының айтуынша, сатылмай қалғандары музейге қойылады.

Айта кетейік, Саран қаласында әлем біріншілігінің тағы 2 матчы өтеді. 25 маусымда Иран мен Португалия, ал 28-і Панама мен Тунис тартысқа түседі.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер