Әлем футболы

«Ливерпуль» өтемақысы 700 миллион еуро тұратын футболшыны сатып алмақшы

«Ливерпуль» өтемақысы 700 миллион еуро тұратын футболшыны сатып  алмақшы
news-banner7
mobile-news-top

Испания құрамасының және мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Марко Асенсиоға Англияның «Ливерпуль» командасы сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Mundo Deportivo порталы.

Басылым ақпаратына сүйенсек, «қызылдар» 22 жастағы испан ойыншысына 180 миллион еуро төлеуге дайын.

Мерсисайдтықтардың бас бапкері Юрген Клопп Асенсионың жанкүйері болып табылады және оны өз командасында көргісі келеді, алайда «Реалдың» жаңа жаттықтырушы Хуан Лопетеги ойыншыны босатуды әзірге жоспарламайды.

Өткен жылдың қыркүйегінде Асенсио «Реалмен» 2023 жылға дейін есептелген жалпы табысы 700 миллион еуро болатын жаңа келісімге қол қойған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер