Әлем футболы

Хавьер Эрнандес өзінің 50-ші голын соғып, мексикалықтарға жеңіс әкелді

Хавьер Эрнандес өзінің 50-ші голын соғып, мексикалықтарға жеңіс әкелді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ресейдің Дондағы Ростов қаласында футболдан әлем біріншілігі топтық кезеңінде F тобындағы Мексика және Оңтүстік Корея құрамалары бақ сынасты деп хабарлайды Prosports.kz.

Есеп мексикалықтардың пайдасына шешіліп, 1:2 боп аяқталды.

Матчты айыппұл соққысымен Карлос Вела ашты. Мексикалық шабуылшы Хавьер Эрнандес 66-минутта есепті үстемеледі. Бұл гол - Эрнандестің әлем чемпионаттарында соққан 50-ші голы. Ойынның соңғы минутында 93-минутта корейлік футболшы Сон Хын Мин есепті қысқартты.

Мексика құрамасы 6 ұпай жинап, F тобынада бірінші орында тұр. Сәйкесінше, Оңтүстік Корея екі турда да ешқандай ұпай ала алмады.

Южная Корея – Мексика – 1:2

Голдар: Карлос Вела(26), Хавьер Эрнандес (66) Сон Хын Мин (90+3).

Құрамалар тізімі:

Оңтүстік Корея: Чо Хен У - Ли Ен, Ким Мин У, Ким Ен Гвон, Чан Хен Су - Чу Се Джон, Ки Сон Ен, Ли Джэ Сон, Мун Сон Мин - Сон Хын Мин, Хван Хи Чхан;

Мексика: Гильермо Очоа - Карлос Сальседо, Эктор Морено, Эктор Эррера, Эдсон Альварес - Мигель Лаюн, Андрес Гуардадо, Хесус Гальярдо - Карлос Вела, Хавьер Эрнандес, Ирвинг Лосано.

Бас төреші: Милорад Мажич (Сербия).

23 маусым. Ростов-на-Дону. «Ростов-на-Дону» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер