ММА

Германиялық MMA файтері пъедестал төріне Қазақстанның туымен шықты

Германиялық MMA файтері пъедестал төріне Қазақстанның туымен шықты
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатында (IMMAF) Эдуард Кексель қазақстандық байрақпен марапаттау рәсіміне шықты. Бұл туралы Prosports.kz тілшісі Kazakhstan MMA федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Кексель Қостанай облысында дүниеге келген, бірақ көп жылдар бойы Германияда өмір сүріп, халықаралық жарыстарда немістердің атын қорғаған. Дегенмен, Эдуард Еуропа чемпионатында оған өмір сыйлаған елге құрмет көрсетуге шешім қабылдады. Жеңімпаздың жүлдегері пъедестал төріне туған елінің көк байрағын көтеріп шықты.

«Мен Қазақстан құрамасын жарыстарда көргеніме өте қуандым. Мен финалдық жекпе-жекті жеңіп алған кезде, қазақстандық жігіттерден марапаттау рәсімінде еліміздің туын өзіммен алып шығуға уақытша сұрап алған болатын. Мен Отанымды сағындым, - дейді Эдуард Кексель.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер