Beautiful Football
Әлем футболы

Оңтүстік Корея - Мексика: Екі құрлықтың айқасы

Оңтүстік Корея - Мексика: Екі құрлықтың айқасы
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Әлем біріншілігінің F тобында Оңтүстік Корея мен Мексика құрамалары кездеседі.

Құрамалар Ресейдегі мундиальда екінші ойындарын өткізеді. Әрине, мексикалық - айқын фаворит. Алайда кәрістерді де осал құрама деуге келмес. Қос құрама да соңғы кездесулерінде көңіл көншітерліктей ойын өрнегін көрсеткен жоқ. Бұл топта Германия бірінші орынмен шығуға басты үміткер болса, плей-оффқа берілетін екінші жолдамаға Мексика, Швеция мен Оңтүстік Корея құрамалары таласады. Соңғы үш ұжым да деңгейі жағынан бірдей. Сол себепті әрбір кездесу олар үшін маңызды болмақ.

Оңтүстік Корея мен Мексика құрамалары өзара екі мәрте кездескен екен.

30/01/14 Жолдатық кездесу. Мексика - Оңтүстік Корея 4:0

13/06/98 Әлем Кубогы, E тобы. Оңтүстік Корея - Мексика 1:3

Көріп отырғандарыңыздай, екі ойында мексикалықтар басым болған. Бүгін де сол дәстүр жалғасын табады деген ойдамыз. Германия қарсыласының қақпасына кемінде екі доп соғып, жеңіске жету қажет.

Әлем чемпионаты - 2018. Топтық кезең. F тобы

Оңтүстік Корея - Мексика

Болжам: Мексика 1 доп айырмашылығымен жеңіске жетеді - 2.26

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер