Қазақ күресі

Қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынылды

Қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынылды
news-banner7
mobile-news-top

Kures еуропалық федерациясы қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосуды ұсынып жатыр.

«Біз күресті дзюдоға ұқсас ойын түрі ретінде жасағымыз келеді. Қазір дзюдоның ережесі өзгеріп, күреске ұқсап барады. Бірқатар ерекшеліктерді біз де қазақ күресіне енгізбекпіз. Мен қорықпай, эксперимент жасау керек деп есептеймін. Қазір біз қарапайым күресті өткізіп жатырмыз. Бұл өте жақсы. Дегенмен, күресті қазіргі жағдайға лайықты және түрі шамалы өзгерген спорт түрі ретінде көреміз. Өздеріңіз білетіндей, Олимпиада ойындарынан алып тастамақшы болған классикалық және еркін күресте де бірқатар мәселелер туындаған. Осыларды ескеру қажет. Болашақта күресті Олимпиада ойындарының бағдарламасынан көруді бәріміз қалаймыз деп ойлаймын», - деді журналистерге Kures Еуропа федерациясының президенті Карен Арутюнян.

Еске салайық, Грузияның Батуми қаласында қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионаты - Qazaq Kuresi Championship өтіп жатыр. Қазақтың ұлттық күресі бойынша жарыстарға Латвия, Ресей, Польша, Армения, Албания, Түркия, Норвегия, Израиль, Әзербайжан, Сербия, Молдова, Кипр, Эстония, Беларусь елдерінің 80 спортшысы қатысуда. Чемпионатты Халықаралық қазақ күресі федерациясы ұйымдастырып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер