Қазақ күресі

Грузияда дзюдодан кейінгі танымал күрес – қазақ күресі

Грузияда дзюдодан кейінгі танымал күрес – қазақ күресі
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа күрес федерациясының президенті Карен Арутюнян Грузияда өтіп жатқан қазақ күресінен Еуропа чемпионатында осы спорт түрінің кәрі құрлықта танымалдылығы мен болашағы туралы пікір білдірді.

«Еуропа елдерінен осы турнирді өткізу құқығын Грузия жеңіп алды. Себебі Грузия – балуандар елі, елдегі қазақ күресінен өткен чемпионатқа жүзден астам балуан қатысқан болатын. Біздің балаларға бұл күрес өте қатты ұнайды, олар күрес десе барын салады. Грузияда дзюдодан кейін грузин күресі мен қазақ күресін танымал деп нық айта аламын. Басқа күрес түрлері мұндай танымал емес», - деді ол.

Сондай-ақ, ол осы чемпионатқа қатысатын әр елмен жеке-жеке жұмыс істегендерін айтты.

«Еуропалық күрес отбасы пайда болды. Бүгінгі турнирге көбінесе дзюдошылар қатысып жатыр. Біз күрестің дзюдомен қатар тұрғанын қалаймыз. Себебі дзюдо ережесі өзгерген соң қазақша күреске ұқсайтын болды. Өзгерістерден, тәжірибе жасаудан қорықпауымыз керек. Күресті аздап өзгертіп ТОП спорт түріне айналғанын қалаймыз», - деді Арутюнян.

Оның айтуынша, классикалық күрес пен еркін күресте бірқатар проблемалар туындап, тіпті Олимпиададан алынып тасталуы мүмкін жағдайлар болған. Осындай нюанстарды есепке ала отырып, болашақта күрес Олимпиадаға қосылу үшін өзгеріс қажет екенін айтты.

«Егер ережені аздап өзгертсе, қатты жерде емес татамиде күресетін болса атақты дзюдошылар осы спорт түрімен қуана-қуана айналысатын еді. Бұл күрестің болашағы өте жоғары, алға жылжып келе жатқанын бәрі көріп отыр. Бұрындары күрестің не екенін ешкім білмесе, қазір кеңінен насихатталып адамдар білетін болды. Биыл Грузияда, Литва, Польшада күрестен ұлттық чемпионат өкіздік. Жыл сайын дәстүрлі түрде Еуропа чемпионатын өткізуді көздеп отырмыз. Грузияда іріктеу болды, бірінші орын алғандар осында күресіп жатыр. Келесі чемпионатты әлі жоспарламадық, дегенмен Орталық Еуропада өткізуді қалаймыз»,- деп сөзін түйіндеді ол.

Еске сала кетсек, Грузияның Батуми курорттық қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионатыны басталғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл турнирге Литва, Ресей, Украина, Словения, Франция,

Ирландия, Польша, Армения, Болгария, Австрия, Албания, Түркия, Норвегия, Израиль, Грузия, Әзербайжан, Сербия, Кипр, Эстония, Белоруссия сынды 20 мемлекеттен келген 80 спортшы бақ сынап жатыр.

Түпнұсқасы: Baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер