Бокс

Қазақстандық боксшы IBF-тың чемпиондық титулын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы IBF-тың чемпиондық титулын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов кәсіби рингтегі он төртінші жеңісіне қол жеткізді.

31 жастағы Ақтөбе тумасы Детройттағы бокс кешінде тәжірибелі америкалық боксшы Николас Гивэнмен жұдырықтасты. Ол бұған дейін 21 рет айқасып, тек бір рет жеңілген болатын. Эюбов әзірге жеңіліп көрген жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған, бірақ тек 7 раундқа созылды. Эюбов техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, IBF тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы чемпион өңірлік титулына ие болды.

Айта кетейік, бұл айқас америкалық Кларисса Шилдс пен костарикалық Хэнна Габриэлстің бокс кешінде өтті. Кешті танымал промоутер Дмитрий Салита ұйымдастырған.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер